Еуро-2020: Астана – үміткер қалалар қатарында

Фотография - Еуро-2020: Астана – үміткер қалалар қатарында

2020 жылы футболдан Еуропа құрлығының чемпионатын өткізуден үміткер қалалар арасында Қазақстан астанасы да бар

165 0


2020 жылы футболдан Еуропа құрлығының чемпионатын өткізуден үміткер қалалар арасында Қазақстан астанасы да бар.

Бұл туралы Еуропа футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) ресми сайтында жарияланған ақпаратта 32 елден жиыны 39 қала аталған.

Биыл қаңтар айында УЕФА-ның атқарушы комитеті 2020 жылғы Еуропа біріншілігінің финалдық бөлігін 13 қалада өткізу туралы шешім қабылдаған еді. Үміткер қалалардан өтініш қабылдау мерзімі 19 қыркүйекте аяқталған.

Енді алдағы аптада УЕФА атқару комитеті 39 үміткердің арасынан құрлық чемпионатының финалдық ойындарын өткізуге лайықты деп танылғандарының тізімін жариялайды - деп хабарлады  azattyq.org

Қазақстан 1992 жылдан 2002 жылға дейін Азия футбол конференциясында ойнаған еді. Ал 2002 жылы сәуірдің 25-і күні УЕФА құрамына қабылданған.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!