Қазақстан алғаш рет қазіргі бессайыстан Азия чемпионатын өткізеді

Фотография - Қазақстан алғаш рет қазіргі бессайыстан Азия чемпионатын өткізеді

Қазақстан алғаш рет қазіргі бессайыстан Азия чемпионатын қабылдайды, ол Астанада 26 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өткізілмек.

184 0

Қазақстан алғаш рет қазіргі бессайыстан Азия чемпионатын қабылдайды, ол Астанада 26 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өткізілмек.

Азия біріншілігінің жоғары атағы үшін Қытай, Жапония, Тайвань, Өзбекстан, Қырғызстан, Оңтүстік Корея және Австралия елдерінің спортшылары бақтарын сынайды.

Қазақстанның намысын ерлер және әйелдер құрамалары қорғайтын болады.

Ерлер командасының құрамы: Павел Ильяшенко, Рүстем Сабирхузин және Андрей Солдатов. Аға жаттықтырушы - Дмитрий Тюрин.

Әйелдер командасының құрамы: Ксения Александрова, Дарья Хальзова және Юлия Колегова. Аға жаттықтырушылар - Валерий Кошельский және Лада Жиенбаланова.

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы - Вадим Чудновский.

Азия біріншілігіне әйелдер құрамасының лидері Азия-2012 чемпионатының күміс жүлдегері Арина Жиенбаланова жарақатына байланысты қатыспайтын болды.

Қазіргі бессайыс немесе пентатлон бес спорт түрін бір жерге үйлестіреді, олар: сайысу, жүзу, конкур, жүгіру және ату.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!