Дэвис кубогында сегізіншіміз

Фотография - Дэвис кубогында сегізіншіміз

Теннистен ерлер арасындағы Қазақстан құрамасы соңғы екі-үш жылда Дэвис кубогы додасында тәп-тәуір ойнап жүр

197 0

Теннистен ерлер арасындағы Қазақстан құрамасы соңғы екі-үш жылда Дэвис кубогы додасында тәп-тәуір ойнап жүр.

Дэвис кубогының ресми сайтының мәліметтеріне сүйенсек, ерлер арасындағы Қазақстан құрамасы – қазір дүниежүзілік рейтингіде сегізінші орында.

Қазақстандық теннисшілердің қоржынында 4616,25 ұпай бар. Ал көшбасында – сол бұрынғыша Чехия теннисшілері.

Олар биылғы жылы Қазақстан ұлттық құрамасын Астанада өткен ширек финалда қапы қалдырып, кейіннен осы кубоктың иесі де атанған болатын.

Алғашқы үштікте аздаған өзгеріс бар. Бұған дейін екінші сатыда болған Испания өз орнын Сербияға «беріп» қойды:

1 (1). Чехия – 34 393,75 ұпай

2 (3). Сербия – 25 823,44

3 (2). Испания – 25 250,00

4 (4). Аргентина – 19 593,75

5 (5). Франция – 10 691,25

6 (6). Ақш – 9 271,88

7 (7). Канада – 8 236,25

8 (8). Қазақстан – 4 616,25

9 (9). Италия – 4 081,25

10 (14). Австралия – 3 875,00


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!