Жуырда алғашқы дзюдо спорт кешенінің іргетасы қаланады

Фотография - Жуырда алғашқы дзюдо спорт кешенінің іргетасы қаланады

28 қыркүйекте Алматыда еліміздегі алғашқы Дзюдо академиясының іргетасы қаланады

259 0

28 қыркүйекте Алматыда еліміздегі алғашқы Дзюдо академиясының іргетасы қаланады. Бұл туралы Қазақстанның Дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Заманауи спорт кешені ұлттық дзюдо құрамасының жаттығу жасауы үшін және жастар арасынан болашақ дзюдо шеберлерін дайындауға арналған.

Академия И.Байзақов және Т.Шевченко көшелерінің қиылысында орналасқан дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттың аумағында тұрғызылады.

Жобаны таныстыру шарасына Халықаралық дзюдо федерациясының басшысы Мариус Визер, Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев, сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!