Семейде футболға қатысты сирек жәдігерлер көрмесі ашылды

Фотография - Семейде футболға қатысты сирек жәдігерлер көрмесі ашылды

Семей. 25 қыркүйек. Baq.kz Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залына футболдың 100 жылдығына арналған көрме ашылды

174 0

Семей. 25 қыркүйек. Baq.kz Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залына футболдың 100 жылдығына арналған көрме ашылды.

«Бұл көрменің пайда болуына бізге футбол ардагерлері, олардың туыстары, осы ғажайып ойынның жанкүйерлері көп септігін тигізді. Біз 700-ден астам құнды жәдігер мен 100-нан астам фотосуреттер алдық. Олардың арасынан ең құндыларын, қызықтыларын таңдап алу оңай болған жоқ» деп бөліседі бізбен мұражай қызметкері Тақтаған Сердалина.

Мұражай қызметкерінің сөзіне қарғанда, оларға қазақстандық футбол тарихшысы Станислав Сарсеков өлшенбес көмек көрсеткен. Бір ай бойы тарихшы мұражайшылармен бірге келіп түскен жәдігерлерді сараптап, оларды безендіру жұмыстарына қатысыпты. Сонымен қатар С.Сарсеков марка жинаумен айналысатындықтан, осы көрмеге өзінің футбол тақырыбына жинаған маркаларының жиынтығын ұсыныпты. Көрмеде футболдан балалар-жасөспірімдер мектебінің тұңғыш директоры Борис Расщупкиннің өзі көзі тірісінде жинаған фотоальбом ерекше орын алады. Оны қызы Наталья Борисовна әкеліп тапсырыпты. Сондай-ақ «Цементник» командасының атақты ойыншысы Анатолий Акуловқа арналған қабырға бар. Онда жерлесіміздің 1963 жылы марапат ретінде алған сағаттары мен ойын алаңына киіп шыққан бутсылары қойылған - деп хабарлады baq.kz

Көрмеге келушілер сонымен қатар футболдан Қазақстан құрамасының белгілі ойыншысы Самат Смаков атындағы балалар-жасөспірімдер футбол мектебінің тәрбиеленушілерінің суреттерін көре алады. Осы жерде Саматтың футбол майкасы, Қазақстан құрамасының ойыншылары, «Спартак» пен «Елім-ай» командаларының атақты мүшелері- Серғазы Рымбаев, Григорий Орлов, Андрей Карпович, Сергей Бойченко сияқты футболшылардың заттары назарға ұсынылған. Футбол табынушысы Мирхан Тахметовтың значоктар мен магниткалар жиынтығы да көпшіліктің қызығушылығын тудырары сөзсіз.

Тақтаған Сердалина көрменің 1-қарашаға дейін созылатынын айтады. Одан кейін коллекциялар жиынтығын немесе өзіне қымбат көрінетін заттарды иелері алып кетулері мүмкін. Ал қалған жәдігерлерді мұражай қызметкерлері көздерінің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат ретінде жеткізетін болады.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!