Әлем чемпионатында қазақстандықтардан 16 боксшы жартылай финалға шықты

Фотография - Әлем чемпионатында қазақстандықтардан 16 боксшы жартылай финалға шықты

Бокстан Болгарияның Албена қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионатының ертең жартылай финалдық ойындар өтеді. 22 қыркүйекте басталған бұл дүбірлі додада жастар - 10, жасөсіпірімдер 13 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынаған болатын

146 0

Бокстан Болгарияның Албена қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионатының ертең жартылай финалдық ойындар өтеді. 22 қыркүйекте басталған бұл дүбірлі додада жастар - 10, жасөсіпірімдер 13 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынаған болатын.

Қазақстан құрамасынан жартылай сынға жастардан 10 боксшының бесеуі, жасөспірімдерден 13 боксшының он бірі бірдей сүрінбей шықты - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Енді Әлем чемпионатының жүлдесі үшін Алуа Балқыбекова (48 кг) украиналык Ханна Охотамен, Айдана Арапбаева (60 кг) Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АІВА) ұсынған Симранжит Каур Баатхпен (Simranjit Kaur Baatth), Гаухар Ермекбай (69 кг) америкалық Саманта Мариа Киншенмен (Samantha Maria Kinchen), Валентина Халзова (75 кг) польшалық Елзбиета Уожсикпен (Elzbieta Wojcik) , Анастассия Пылина (81 кг) ресейлік Екатерина Серовамен күш сынасады. Ал Назерке Жұрғараева (46 кг) итальяндық Роберта Бонаттимен, Асыл Асқарова (48 кг) AIBА ұсынған Аша Рокамен, Әйгерім Ошақбай (52 кг) франциялық Сантиана Меурантпен, Балауса Мұздиман (54 кг) ресейлік Оксана Смирновамен, Назым Ишшанова (57 кг) америкалық Жажайра Гонзалезбен (Jajaira Gonzalez), Екатерина Аниссимова (60 кг) ирландиялық Киара Гинтимен, Аида Әбікеева (63 кг) польшалық Жустина Уаласпен, Любовь Хасиева (66 кг) польшалық Лариса Сабиниарзбен, Баян Ақбаева (70 кг) франциялық Давина Мишелмен, Алтын Мұқышбекова (75 кг) тайпейлік Ниен-Шин Шенмен, Ақмарал Шамшиденова (80 кг) болгариялық Виктория Михайловамен жұдырық түйістіреді.

 


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!