Оралдық ескекшілер А.Дергунов пен А.Ергучев Азия чемпионы атанды

Фотография - Оралдық ескекшілер А.Дергунов пен А.Ергучев Азия чемпионы атанды

Самарқанд қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында белгілі батысқазақстандық ескекші, Оралдағы жоғары спорттық шеберлік мектебінің өкілі Алексей Дергунов пен Жайық жағасында туып-өскен, қазір Алматы қаласы атынан шығып жүрген Евгений Алексеев 1 мың метр қашықтықта байдаркамен жұптасып жарысудан ересектер арасында жеңімпаз атанды

221 0

Самарқанд қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында белгілі батысқазақстандық ескекші, Оралдағы жоғары спорттық шеберлік мектебінің өкілі Алексей Дергунов пен Жайық жағасында туып-өскен, қазір Алматы қаласы атынан шығып жүрген Евгений Алексеев 1 мың метр қашықтықта байдаркамен жұптасып жарысудан ересектер арасында жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Андрей Ергучев шымкенттік Никита Ивойловпен бірге дәл осындай қашықтықта жастар арасында үздік шықты.

Бейжің мен Лондон олимпиадасына қатысқан халықаралық дәрежедегі спорт шебері А.Дергунов бұдан бұрын да бірнеше рет Азияда топ жарған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!