Алматы облысында Жақсылық Үшкемпіров кешені ашылды

Фотография - Алматы облысында Жақсылық Үшкемпіров кешені ашылды

Бүгін Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылында қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің атындағы спорт кешені ашылды

392 0

Бүгін Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылында қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің атындағы спорт кешені ашылды, деп хабарлайды alaman.kz сайтынан.

Мектептің ашылу салтанатына чемпионның өзі, сондай-ақ ҚР спорт агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов, басқа да спорт майталмандары қатысты. Олардың арасында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері Ермахан Ыбырайымов, Болат Жұмаділов, Бахтияр Артаев, Юрий Мельниченко, Нұрбақыт Теңізбаев пен Даниял Гаджиевте бар. Жақсылық ағаның жақсылығына ортақтасқандардың арасында ардагер палуан Әбілсейіт Айханов, грек-рим күресінен ел құрамасының бас бапкері Таңат Сағындықов, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Найзабек Сағымбаев мырзалар да болды. Жаңа спорт мектебінде тәлімгерлер бокс, күрес түрлерінен үйірмелерге қатыса алады.

"Мен осы деңгейіме, елімнің арқасында жеттім. Елім маған көп нәрсе берді. Менде оған жақсылықтармен қайтаруым керек емес пе? Сондықтан өскелең ұрпақтың тәрбиесіне көңіл бөлейін деп, осы спорт мектебін аштым", - дейді Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!