Геннадий Головкинге тағы бір қарсылас табылды

Фотография - Геннадий Головкинге тағы бір қарсылас табылды

АҚШ-тың атақты кәсіпқой боксшысы, WBA және WBC нұсқалары бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Андре Уорд Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға әзір екенін мәлімдеді

165 0

АҚШ-тың атақты кәсіпқой боксшысы, WBA және WBC нұсқалары бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Андре Уорд Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға әзір екенін мәлімдеді.

  «Мен онымен өзі қалаған күні, өзі қалаған жерде айқасуға дайынмын», – дейді Андре. Расында да, бұл өте тартысты әрі қызықты жекпе-жек болатыны анық. Өйткені 29 жастағы аме­рикалық былғары қолғап шеберінің бағындырмаған белесі жоқ. 2004 жылы Афиныда Олим­пиада ойындарының жеңімпазы атан­ғаннан кейін Уорд кәсіпқой боксқа ауысты. Ежелгі Эллада елінде ол 81 келі салмақтағы барлық мықтыларды жолынан ығыстырды. Италиялық Клементе Руссо, ресейлік Евгений Макаренко, өзбекстандық Өткірбек Хайдаров және беларуссиялық Магомед Арипгаджиевтен басым түскен Андре алтын тұғырға көтерілді. Кәсіпқой рингте 26 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 14 рет қарсыласын есінен тандырды. Әр жылдары ол Кенни Кост, Эдисон Миранда, Миккель Кесслер, Аллан Грин, Артур Абрахам, Карл Фроч, Чед Доусон және тағы басқа саңлақтарға сан соқтырды. Андре Уорд екі нұсқа бойынша алтын белбеуді иеленді, деп жазады Айқын газеті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!