Роман Жайлауов Азия бокс кеңесінің чемпионы атанды

Фотография - Роман Жайлауов Азия бокс кеңесінің чемпионы атанды

Кеше Астанада кәсіпқой бокс турнирі өтіп, Роман Жайлауов 63,5 келі салмақта Азия бокс кеңесінің чемпионы (WBC Asian Boxing Council) және Паназиялық бокс қауымдастығының (PABA) ваканттық чемпионы атанды

223 0

Кеше Астанада кәсіпқой бокс турнирі өтіп, Роман Жайлауов 63,5 келі салмақта Азия бокс кеңесінің чемпионы (WBC Asian Boxing Council) және Паназиялық бокс қауымдастығының (PABA) ваканттық чемпионы атанды.

Ол 12 раундтық жекпе-жекте өз отандасы Қанат Қартенбаевты ұпай санымен ұтты. Роман бұған дейін 9 кездесу өткізіп бәрін (жетеуін нокаутпен) өз пайдасына шешсе, Қанат 17 кездесудің 10-ында ұтып, бесеуінде ұтылып, екеуінде тең түскен болатын.

90,7 ауыр салмақтағы өзбекстандық Елиор Гуламов мен ресейлік Максим Маслов арасындағы келесі бір титулдық жекпе-жекте М.Маслов Азия бокс кеңесінің чемпионы атанды. Максим бұған дейін 13 кездесуінің 11-інде ұтып, біреуінде тең түсіп, біреуінде жеңіліс тапса, Елиор 10 кездексуінің 8-інде жеңіп, бір рет тең түсіп, бір рет жеңілістің ащы дәмін татқан екен. Ал рейтингтік өзге жекпе-жектерде 12 раундық кездесуде 63,5 келі салмақтағы Мейірбек Сабиров 4-раундта өзбекстандық Бекзот Набиевке техникалық нокаутпен ұтылды. Бұған дейін Мейірбек 7 кездесудің бесеуінде ұтылып, екеуінде ғана жеңіске жетсе, Бекзот 27 кездесудің 21-ін жеңіп, бесеуінде ұтылып, біреуінде тең түскен болатын.

Қазақстандық Жандос Жетпісбаев пен Фархад Оспанов арасындағы 10 раундық кездесуде Жандос кәсіпқой бокстағы 7-жеңісіне қол жеткізді. Бұл турнирде кәсіпқой бокстағы алғашқы сайысын өткізген 76,2 келі салмақтағы Қанат Әбдірахманов пен Әнуар Марабаевтың арасындағы 4 раундық кездесу Әнуардың пайдасына шешілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!