Алматыда дзюдодан әлемдік Гран-при бәсекесі басталды

Фотография - Алматыда дзюдодан әлемдік Гран-при бәсекесі басталды

 Бұл - Халықаралық дзюдо федерациясының лицензиялық турнирі. Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырған дүбірлі жарысқа әлемнің ең мықты дзюдошылары жиналды

277 0


Бұл - Халықаралық дзюдо федерациясының лицензиялық турнирі. Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отырған дүбірлі жарысқа әлемнің ең мықты дзюдошылары жиналды.

«Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында әлемнің 19 елінен 200-ден астам палуан татамиге шығады. Ал қазақстандықтар ережеге сай - кілем иелері ретінде әр салмақтан төрт палуанды жарысқа қосу мүмкіндігіне ие.

Дзюдошылар белдесуі екі күнге созылады. Бүгін ерлер арасынан 60, 66 және 73 келі салмақта палуандар боз кілемге шығады. Ал әйелдер арасынан 48, 52, 57 және 63 келі салмақта жүлделер үшін тартыс өтеді.

Қазақстан атынан жасөспірімдер арасындағы 2010 жылғы әлем чемпионы – Елдос Сметов, 2011, 2013 жылдардағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері – Ислам Бозбаев, 2011 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері – Ержан Шынкеев, «Қазақстан барысы-2013» жеңімпазы – Айбек Нұғымаров, 2009 жылғы Әлем чемпионы – Максим Раков, 2009 жылғы Әлем чемпионы – Гүлжан Исанова, 2013 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері – Ленария Мингазова және тағы басқа мықты дзюдошылар қатысады.

Жарысты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде, деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасы.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!