А.Мұқанов күміс жүлдесі үшін 12,5 млн. теңгемен марапатталды

Фотография - А.Мұқанов күміс жүлдесі үшін 12,5 млн. теңгемен марапатталды

Алматы қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-придің ашылу салтанатында соңғы чемпионаттың күміс жүлдегері Азамат Мұқановқа 12,5 млн. теңге көлеміндегі сыйақы табысталды

186 0

Алматы қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран-придің ашылу салтанатында соңғы чемпионаттың күміс жүлдегері Азамат Мұқановқа 12,5 млн. теңге көлеміндегі сыйақы табысталды.

Қазақстанның дзюдо федерациясы хабарлағандай, ұйым тарапынан оған 7,5 млн. теңге табысталса, демеушілер тағы 5 млн. теңгені сыйға тартты.

Айта кетейік, 26 тамыз бен 1 қыркүйек күндері Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен дзюдодан Әлем чемпионатында А.Мұқанов күміс жүлдені иеленген болатын. Алғашқы раундта ол ресейлік Алим Гадановтан, сингапурлік Жоэл Ценг, британдық Колин Оатес пен жапондық Масааки Фукуокудан басым түсті. Жартылай финалда украиналық Георгий Зантарайды тізе бүктірді. Ал финал кезінде жапондық Масаси Эбинумаға жол беріп қойды. Қазақстан құрамасы бұдан басқа бірде-бір жүлдеге іліге алмады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!