Грекияда қысқы олимпиада алауы жағылды

Фотография - Грекияда қысқы олимпиада алауы жағылды

29 қыркүйекте Грекияда 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындарының алауы жағылды

321 0

29 қыркүйекте Грекияда 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындарының алауы жағылды.  

Алау тұтату ғұрпымен 123 күнге созылатын олимпиада алауы эстафетасы басталады. 5 қазан күні олимпиада алауы Сочи қаласына жеткізіледі. 

Қысқы олимпиада басталатын 7 ақпанға дейін алауды ғарышқа, Байкал көліне, Солтүстік полюске апару жоспарланған.

Олимпиада алауы күн сәулесін шағылыстыратын томпақ айна арқылы тұтандырылған. Алау тұтату рәсімінде Халықаралық олимпиада комитетінің жаңа басшысы Томас Бах пен Сочи олимпиадасының ұйымдастыру комитетінің төрағасы Дмитрий Чернышенко қатысқан - деп хабарлады  azattyq.org

Көне Олимпия қонысынан басталған олимпиада алауы эстафетасына тұңғыш рет ресейлік спортшы - хоккеист Александр Овечкин қатысты.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!