«Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Динамо»

Фотография - «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Динамо»

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Динамо» (Беларусь, Минск) командасымен кездеседі

280 0

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Динамо» (Беларусь, Минск) командасымен кездеседі.

Айта кетейік, соңғы ойында «Барыс» хорваттың «Медвежчак» командасынан (2:3) ұтылған болатын. Сөйтіп, астаналық клуб қатарынан бес ойында жеңіске жетіп, алтыншы матчта қарсыласына жол беріп қойды. Дегенмен, «Барыс» Шығыс конференциясы мен чемпионаттың жалпы турнирлік кестесінде 2-4-ші орындардан түспей келеді. Еншісінде 21 ұпай бар.

Минск қаласының «Динамосы» болса, осы уақытқа дейін 9 ойын өткізіп, соның тек екеуінде ғана жеңіске жетті. Қазір бұл команда 26-орында (лигада 28 құрама бар) тұр.

Бүгінгі «Барыс» - «Динамо» ойынын Астана уақыты бойынша түнгі сағат 22:00-де «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!