Академиялық есуден Азия чемпионатында Қазақстан үздік бестіктің қатарына енді

Фотография - Академиялық есуден Азия чемпионатында Қазақстан үздік бестіктің қатарына енді

Қытайдың Луанда қаласында 25-29 қыркүйек күндері академиялық есуден ересектер арасында Азия чемпионаты өтті

128 0

Қытайдың Луанда қаласында 25-29 қыркүйек күндері академиялық есуден ересектер арасында Азия чемпионаты өтті.

Бұл жарыста ел құрамасы жалпы командалық есепте 3 күміс, 3 қола медальмен 5-орын алды. Атап айтқанда Екатерина Артемьева мен Виктория Чепикова, Мария Василева мен Мария Поида жұптық жарыста және командалық жарыста ел қоржынына 3 күміс медаль салды. Жекелей сында Александра Опачанова 2 бірдей қола жүлдені иеленді. Ал ерлер арасында ел қоржына түскен жалғыз қоланы жұптық жарыста Григорий Феклистов пен Дмитрий Филимонов қосты.

Енді 13-18 қазан айында Самарқандта жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты болады. Жалпы Азиялық есу федерациясы 1982 жылы құрылған болатын. Ол қазіргі таңда 32 елдің ұлттық федерацияларының басын қосып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!