«Барыс» сырт алаңда «Динамоны» тізе бүктірді

Фотография - «Барыс» сырт алаңда «Динамоны» тізе бүктірді

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Динамо» (Минск) командасын жеңді

241 0

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Динамо» (Минск) командасын жеңді.

Ойынның бас кезінде «Барыс» өз мүмкіндігін қалт жіберген жоқ. Қарсыластар ережені бұзып, бір ойыншыға кем ойнағанда, Талғат Жайлауов есеп ашып, өз командасын алға шығарды. Алайда екінші кезеңде таразы басы теңесті. Екі минут өтпей, «Динамо» да «Барыстың» бір хоккейшіге кем ойнағанын пайдаланып, тағы бір шайбаны соғып кетті. Есеп - 1:2. «Минск-арена» спорт кешеніне жиналған жанкүйерлердің қуанышында шек болмады. Бірақ көп ұзамай, оның бәрі су сепкендей басылды. Брэндон Боченски қатарынан екі шайба соқса, Роман Старченко есепті 4:2-ге дейін жеткізді. Ал үшінші кезеңнің аяқ жағында Б.Боченки үшінші шайбасын салып, хет-триктің авторы атанды. Қорытынды есеп - 5:2.

Осы ойыннан кейін «Барыс» лиганың азулы командалары - «Ақ барс» (Қазан) пен «Динамоны» (Мәскеу) артқа тастап, жалпы турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. Команданың үлесінде 24 ұпай бар. Астаналық клубтан тек «СКА» (27 ұпай) ғана жоғары тұр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!