Кенжесариев ауруханадан шықты

Фотография - Кенжесариев ауруханадан шықты

Футболдан «Ақтөбе» командасының ойыншысы Эмиль Кенжесариев ауруханадан шықты

208 0

Футболдан «Ақтөбе» командасының ойыншысы Эмиль Кенжесариев ауруханадан шықты., деп хабарлайды alaman.kz сайтынан.

Эмиль бір айдан кейін Германияға барып, кезекті операциясын жасатады. Оған дейін туысқандарымен Алматыда болады.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Алматыда Эмильді соққыға жыққан болатын. Кейін осы іске қатысты күдікті де ұсталған еді.

Алматы қалалық ішкі істер басқармасы футболшы Эмиль Кенжесариевті соққыға жыққан күдіктінің ұсталғанын, бірақ ол өз кінәсін мойындамай отырғанын мәлімдеген.

Күдіктінің айтуынша, Кенжесариев сол күні Алматыдағы караоке барлардың бірінде болып, кейін кетерде ақшасын төлеуден бас тартқан. Және бардың күзетшісімен (күдікті де осы жігіт) байланысып қалған. Кейін күзетші (күдікті) оны бардан итеріп шығарып жіберген. Кейін Эмиль такси ұстап кетіп қалған. Күдіктінің сөзін бардың бейнекамерасы да дәлелдеген. Ал таксистен Эмиль өзін Абылай хан мен Жамбыл көшелерінің қилысына тастап кетуді сұраған. Ал таң ата Эмиль осы маңда соққыға жығылған күйі табылған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!