Бүгін «Шахтер» мен «Маккаби»

Фотография - Бүгін «Шахтер» мен «Маккаби»

Бүгін Астанада қарағандылық «Шахтер» мен «Маккаби» (Хайфа) клубтары кездеседі. Бұл Еуропа лигасының топтық кезеңінің екінші тур ойындары. «Шахтердің» Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында Қазақстанда өткізетін алғашқы матчы

137 0

Бүгін Астанада қарағандылық «Шахтер» мен «Маккаби» (Хайфа) клубтары кездеседі. Бұл Еуропа лигасының топтық кезеңінің екінші тур ойындары. «Шахтердің» Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында Қазақстанда өткізетін алғашқы матчы.

«Шахтер» - «Маккаби» матчын КТК арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Ойын кезінде ресейлік журналист Константин Генич комментатор болады. Букмекерлер ойынға қатысты өз болжамдарын жасап үлгерді. Олар израильдік клубтың жеңетінін айтып отыр.

Алайда, «Шахтер» жанкүйерлері мен жалпы Қазақстан жұрты өз командасының жеңетініне сенеді және ойын кезінде қолдау көрсетуге дайын отыр.

Израиль мен Қарағанды клубтары арасындағы кездесу 3 қазанда түнгі 21:35-те «Астана-Арена» стадионында өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!