Ташкент татамиіне шығатын балуандар

Фотография - Ташкент татамиіне шығатын балуандар

Қазанның 4-6 аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент дзюдодан әлемдік «Гран-При» турнирін қабылдайды. Аталған сында Қазақстан намысын қорғайтын ерлер және әйелдер ұлттық құрамасының спортшылары анықталды

317 0

Қазанның 4-6 аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент дзюдодан әлемдік «Гран-При» турнирін қабылдайды. Аталған сында Қазақстан намысын қорғайтын ерлер және әйелдер ұлттық құрамасының спортшылары анықталды.

Ерлер:

60  келі: Еркебұлан Қосаев, Серіктай Зәкетаев

66 келі: Бақдәулет Сәбитов, Ілияс Ізмагилов

73 келі: Дастан Ықыбаев, Жәнібек Назаров

81 келі: Азамат Қыпшақбаев, Батыр Мұқатаев

90 келі: Константин Рогозин, Айбол Айтбек

100 келі: Адам Богатырев, Дархан Темірханов

+100 келі: Айтуар Абдулов, Сәулет Әбдісалықов

Бас бапкер: Ермек Имамбеков

Қыздар:

48 келі: Александра Подрядова

52 келі: Алтынай Балтина, Олеся Куценко

63 келі: Мархабат Қуатбекова, Мариан Ордабаева

70 келі: Зәмзәгүл Файзолланова, Динара Кударова

78 келі: Альбина Амангелдиева, Анар Сейтімова

+78 келі: Гүлжан Исанова

Бас бапкер: Жәкен Саламатов

 

  «Гран-При» додасы Халықаралық дзюдо федерациясы ұйымдастыратын жеті ірі турнирдің қатарына кіреді. Дәлірек айтсақ, дәрежесі жөнінен Олимпиада ойындары, әлем чемпионаты, «Үлкен Дулыға» және «Шартарап шеберлері», сондай-ақ, құрлық додасынан кейін тұрады.

Ташкентте 4-6 қазан аралығында өтетін «Гран-При» бәсекесіне 24 елден 190 спортшы қатысады деп күтілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!