Виктор Кумыков:«Өкінішке қарай, біздің менталитетіміз осындай...»

Фотография - Виктор Кумыков:«Өкінішке қарай, біздің менталитетіміз осындай...»

Кеше Астанада қарағандылық «Шахтер» мен «Маккаби» (Хайфа) клубтары кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті. Матчтан соң кеншілер командасының бас бапкері Виктор Кумыков баспасөз-мәслихатын өткізді.

146 0

Кеше Астанада қарағандылық «Шахтер» мен «Маккаби» (Хайфа) клубтары кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті. Матчтан соң кеншілер командасының бас бапкері Виктор Кумыков баспасөз-мәслихатын өткізді.

Баспасөз-мәслихаты барысында Виктор Кумыков ойынның бірінші кезеңінде шәкірттерінің өте ұтымды ойын өрнегін көрсеткенін, алайда «Маккаби» Хайфа командасының қақпасына соғылған екі голдан кейін «шахтерлықтардың» босаңсып қалғанын жасырмады.

«Біз бұл жауапты кездесуге өте-мөте жақсы дайындалған болатынбыз. Тіпті, бірінші таймда қарсыластарымызға жойқын шабуылдар жасап, сес көрсеттік. Өкінішке қарай, біздің спортшыларымыз психологиялық тұрғыдан өте әлсіз. Неге дейсіздер ғой? Себебі, өздеріне деген сенімділік пайда болады. Бұл біздің менталитетіміз», деп өкінішін білдірді бас бапкер.

Виктор Кумыков «Маккаби» Хайфа футбол клубы өте қарымды әрі ұйымдастырушылығы жоғары команда екенін де алға тартты. Сондай-ақ, сөз соңында астаналық жанкүйерлерге өз назын білдірді.

«Шынтуайтында команда ойыншыларына жанкүйерлердің қолдауы жетіспеді. Егер стадион фанаттарға толы болғанда жеңіске қол жеткізер едік. Сондықтан келесі голландықтармен болатын матчқа төрт көзіміз түгел жиналайық»,-деді ол.

11

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!