Astana Arlans боксшысына оқ тиіп жараланды

Фотография - Astana Arlans боксшысына оқ тиіп жараланды

Қостанайдағы дәмханалардың бірінде атыс болып, Astana Arlans клубының экс-боксшысы Әсет Айсинге оқ тиді.

173 0

Қостанайдағы дәмханалардың бірінде атыс болып, Astana Arlans клубының экс-боксшысы Әсет Айсинге оқ тиді.

29 қыркүйекте түнде «Ля Мажор» дәмханасында атыс басталып, қаңғыған оқ әйгілі боксшыға келіп тиген. Дәрігерлердің айтуынша, қазір боксшының жағдайы жақсы. Әсет сол күні достарымен бірге демалуға дәмханаға барған, ал ауруханаға қалай түскенін өзі де білмейді.

Естеріңізде болса, Әсет Айсин Astana Arlans клубында 2013 жылдың басында өнер көрсетті. Ақпанда қазақстандық спортшылар Dolce & Gabbana Italia Thunder клубымен кездесіп, ірі есеппен жеңілген болатын. Бұл кездесуде Айсин Франциялық Мишель Таварестен жеңілді.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!