Семейде туған украиндық боксшы Владимир Кличко Мәскеуде Александр Поветкинге алғашқы жеңіліс дәмін таттырды

Фотография - Семейде туған украиндық боксшы Владимир Кличко Мәскеуде Александр Поветкинге алғашқы жеңіліс дәмін таттырды

Украиндық боксшы Владимир Кличко Мәскеудегі "Олимпийский" спорт кешенінде өткен  ресейлік Александр Поветкинмен титульдық жекпе-жекте  жеңіске жетті

266 0

Украиндық боксшы Владимир Кличко Мәскеудегі "Олимпийский" спорт кешенінде өткен  ресейлік Александр Поветкинмен титульдық жекпе-жекте  жеңіске жетті

Жекпе-жек 37 жастағы Кличконың ұпай саны бойынша жеңісімен аяқталды.

Бұл 34 жастағы Поветкиннің алғашқы жеңілісі болды. Бұдан бұрын ресейлік боксшы 26 ұрыс (оның ішінде 18-ін нокаутпен) өткізіп, бірде-бір рет жеңіліс дәмін татпаған еді. Владимир Кличко 61 рет жеңіске жетіп (51-ін мерзімінен бұрын) үш рет қана жеңілген - деп хабарлады ҚазАқпарат

Атап өтерлігі, украиндық боксшы Владимир Кличко Семейде дүниеге келген болатын. Қазақстандық бокс жанкүйерлері бәс тігіп, жекпе-жектің Кличконың жеңісімен аяқталарын болжаған болатын. 


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!