Сидельников «Шахтерға» қарсы ойынға жіберілмейді

Фотография - Сидельников «Шахтерға» қарсы ойынға жіберілмейді

«Ақтөбе» командасының 33 жастағы қақпашысы Андрей Сидельников «Ақтөбе» мен «Шахтер» командалары арасындағы 30-турдың матчына қатыспайды

204 0

«Ақтөбе» командасының 33 жастағы қақпашысы Андрей Сидельников «Ақтөбе» мен «Шахтер» командалары арасындағы 30-турдың матчына қатыспайды, деп хабарлайды sport.kz.

Андрей Сидельников «Ертіске» қарсы кездесуде сары карточкалы ескерту алған болатын. Бұл маусымда ондай ескертуді ол төртінші мәрте алып отыр. Демек енді ол «Шахтерға» қарсы ойынға қатыса аламайды.

Өткен 29 турда ол «Ақтөбе» құрамында 26 матчқа қатысып, барлығы 16 допты қақпадан өткізіп алды. Жаңа маусым басталғалы Сидельников ресми кездесулерде барлығы 43 ойынға қатысты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!