Сана Жарылғасова тұрмыс құрды

Фотография - Сана Жарылғасова  тұрмыс құрды

 Қазақстан және «Астана» волейбол командасының белді мүшесі Сана Жарлығасова мен волейболшы Медет Анарқұлов отау тікті.

506 0

 Қазақстан және «Астана» волейбол командасының белді мүшесі Сана Жарлығасова мен волейболшы Медет Анарқұлов отау тікті.

Медет Шымкент волейбол мектебінің түлегі. Ол ұзақ уақыт бойы «Қазығұрт» командасында өнер көрсетіп, 2009 жылы «Атырау» клубына ауысқан болатын. Спортшы Батыс Қазақстан командасының құрамында ойнай жүріп, Қазақстан Кубогына қол жеткізді. Волейболшы 2011 жылы шымкенттік «Динамо-Қазықұрт» командасына қайта оралды. Нәтижесінде аталмыш команда Қазақстан чемпионатының жоғары лигасының чемпионы атанды. Медет Анарқұлов кәсіби спорт пен қатар Шымкент қаласында участкілік инспектор болып қызмет атқарады.

Ал Сана Жарлығасова өзінің спорттағы еңбек жолын оралдық "Грация-KZ" бастап, «Ертіс-Қазхорм» және «Алматы» клубтарында өнер көрсеткен.

Биыл Қазақстан құрамасымен бірге ол әлемдік Гран-при додасында бақ сынап, біздің волейболшыларымыз 17 орынға табан тірген-ді. Жуырда Сананың 2014 жылы Әлем чемпионатының финалдық бөлінде ел намысын қорғайтыны белгілі болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!