Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - мәскеулік «Динамо»

Фотография - Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - мәскеулік «Динамо»

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңда мәскеулік «Динамо» командасын қабылдайды.

352 0

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңда мәскеулік «Динамо» командасын қабылдайды.

Айта кетейік, Мәскеу қаласының хоккей клубы осы уақытқа дейін он бес ойын өткізді. Соның бесеуінде ұтылса, он матчта жеңіске жеткен. Команданың еншісінде 31 ұпай бар. Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде ол «СКА»-дан (33 ұпай) кейін екінші орында тұр. Үшінші орында - «Барыс». Бұған дейін өткізген он екі матчта астаналық клуб өз қарсыласынан он рет басым түскен болатын. Бұл - үлкен жетістік. Қазір «Барыста» 29 ұпай бар. Оған қоса, ол өзінен жоғары тұрған командалардан үш ойыны кем. Демек, қосымша ұпай жинап алуға толық мүмкіндік бар.

Бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!