Фарер аралдарын да ұта алмаймыз

Фотография - Фарер аралдарын да ұта алмаймыз

Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем біріншілігне іріктеу аясында Фарер аралдарымен тең ойнады

168 0

Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем біріншілігне іріктеу аясында Фарер аралдарымен тең ойнады.

Есепті алғашқы болып алаң иелері ашты. Ойынның алғашқы бөлігінде Фарер  ойыншысы Хоанссон Сидельников қақпасынан дәл көздеген. Екінші тайм басталысымен біздің жігіттер шабуылға ден қойып, Андрей Финонченконың көмегімен есепті теңестіргенімен өзгеге шамалары жетпеді. Қайта ойын соңында алаң қожайындары бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырып, біздің қорғаушыларды әбден састырды.


                                                                                            ФАРЕР – ҚАЗАҚСТАН 1:1 (1:0).

Гол: Халлюр Ханссон 41 (1:0), Андрей Финонченко 55 (1:1).

Сары қағаз алды: Богданов 68.

ФАРЕР АРАЛДАРЫ: Гуннар Нильсен, Рогви Бальдвинссон, Фроуди Беньяминсен, Йохан Давидсен, Вильормюр Давидсен, Поуль- Йоханнес Юстинуссен, Йонас-Тор Нес, Халлюр Ханссон, Даниэль Удсен 77 (Суни Ольсен), Кристиан Хольст, Йохан Эдмундсон 77 (Палл Клеттскар).

ҚАЗАҚСТАН: Андрей Сидельников, Марк Гурман, Александр Кислицын, Алексей Мулдаров 80 (Юрий Логвиненко), Константин Энгель, Анатолий Богданов, Нұрбол Жұмасқалиев 71 (Мақсат Байжанов), Валерий Коробкин, Дмитрий Коробкин, Дмитрий Шомко, Андрей Финонченко 90+2 (Алексей Щеткин), Сергей Хижниченко.

Қазақстан құрамасының келесі ойынын он бесінші қазанда сырт алаңда Ирландия құрамасымен өткізеді


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!