Әлем чемпионатына аттанатын зілтеміршілердің есімдері белгілі болды

Фотография - Әлем чемпионатына аттанатын зілтеміршілердің есімдері белгілі болды

Польшаның Вроцлав қаласында өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық зілтеміршілердің есімдері белгілі болды

311 0

Польшаның Вроцлав қаласында өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық зілтеміршілердің есімдері белгілі болды.

Vesti.kz сайты хабарлағандай, кеше өткен негізгі оқу-жаттығудан кейін ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни чемпионатқа баратын спортшыларды іріктеп алды. Ерлер құрамасына Тимур Хасаров пен Арли Чонтей (56 келіге дейін), Альберт Линдер (62 келіге дейін), Владимир Седов пен Алмас Өтешев (94 келіге дейін), Ескендік Момынбеков, Сергей Истомин және Зелімхан Әбубәкіров (105 келіге дейін және одан жоғары) кірсе, әйелдердің атынан Галина Мамотова (48 келіге дейін), Маргарита Елисеева (53 келіге дейін), Сәуле Сәдуақасова (58 келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін), Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін), Анастасия Халикова (75 келіге дейін) және Мария Грабовецкая (75 келіден жоғары) ел намысын қорғайтын болды. Ал Қазандағы жазғы Универсиаданың күміс медаль иегері Александр Зайчиков, Азия ойындарының жүлдегері Кирилл Павлов, Қазан Универсиадасының чемпионы Фархат Харки және Лондон Олимпиадасына қатысқан спортшымыз Анна Нұрмұхамбетоваға демалыс берілді.

Айта кетейік, ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Польшаның Вроцлав қаласында қазанның 20-26 аралығында өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!