«Ордабасының» жаңа басшысы тағайындалды

Фотография - «Ордабасының» жаңа басшысы тағайындалды

Футболдан премьер-лига командалары арасында Шымкенттің намысын қорғайтын «Ордабасы» футбол командасына жаңа басшы тағайындалды. Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев жақында «Ордабасы» кәсіби футбол командасының президенті Берік Омарбековті ұжыммен таныстырды

187 0

Футболдан премьер-лига командалары арасында Шымкенттің намысын қорғайтын «Ордабасы» футбол командасына жаңа басшы тағайындалды. Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев жақында «Ордабасы» кәсіби футбол командасының президенті Берік Омарбековті ұжыммен таныстырды. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Берік Серікұлы Омарбеков 1980 жылы 11 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында туылған. Жоғары білімді. 1993-2003 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі факультеті, одан соң заң факультетін бітірді.  Б. Серікұлы бұған дейін бірінші лига командаларының арасында Оңтүстіктің намысын қорғайтын «Қыран» командасының басшысы қызметін атқарды. Өткен жылы «Қыран» командасы алғашқы бестікке енгені де белгілі. Берік Омарбеков 1998-2002 жылдар аралығында Шымкенттің «Жігер», 2002-2003 жж. Тараздың «Тараз», 2003-2004 жылдары Алматының «Қайрат», ал, 2004-2005 жж. Шымкенттің «Ордабасы» командасында орталық қорғаушы болып ойнады.

Сол кездегі бас бапкер Б.Байсейітов шымкенттік футболшының болашағы зор екендігіне сенім білдірген екен. Берік Омарбеков 2005-2011 жылдары ОҚО кедендік бақылау департаментінде қызмет атқарып, 2011 жылдан бастап «Қыран» ФК директоры болып абыройлы қызмет атқарды.  Отбасылы, бір ұл, бір қызы бар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!