Бокстан әлем чемпионатында жерлестеріміздің басты қарсыластары анықталуда

Фотография - Бокстан әлем чемпионатында жерлестеріміздің басты қарсыластары анықталуда

Бүгін Алматыда қазақ топырағында алғаш рет жазғы Олимпиада ойындарына енген спорт түрінен әлем чемпионаты басталады. Аламан бәйгеге әлемнің 116 елінен 576 босшы келеді деп күтіліп отыр. 12 күн бойы Алатау баурайына бокс кешін сыйлайтын бәсекеде 40 жүлде сарапқа салынады

224 0

Бүгін Алматыда қазақ топырағында алғаш рет жазғы Олимпиада ойындарына енген спорт түрінен әлем чемпионаты басталады. Аламан бәйгеге әлемнің 116 елінен 576 босшы келеді деп күтіліп отыр. 12 күн бойы Алатау баурайына бокс кешін сыйлайтын бәсекеде 40 жүлде сарапқа салынады.

Сонау 1974 жылы Гаваннадан бастап ұйымдастырылып келе жатқан әлем біріншілігі биыл 17-рет өткізілмекші. Бұл чемпионатқа Қазақстан құрамасының намысын қорғайтын 10 боксшының есімі жария болғанына біраз болды. Ішінде әлем біріншілігі мен Олимпиада ойын­дарының чемпионы атанғандары жоқ. Есесіне, Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко, Біржан Жақыпов сияқты жүлде­герлер бар. Бір жағынан, бас бапкер Мырзағали Айтжанов бұл жолы, негізінен, жастарға сенім артқан екен.

Ендігі мәселе жерлестеріміздің басты қарсыластары кімдер деген сұрақ болып тұр. Көпшілік жұрт бұл сұраққа жауап ретінде Ресей, Куба, Украина боксшыларын атап жүр. Ол, әрине, түсінікті. Қазіргі әлем боксының державалары - осы мемле­кеттер. Бірақ Алматыдағы әлем чемпио­натына ТМД-ның қос алыбы Ресей мен Украина барлық салмақтағы бірдей үздіктерін әкелуді мақсат тұтпаған.

Ресей ұсынған тізімге бір назар ау­дарсақ. Солтүстік көршілеріміз 49 келіде 2011 жылғы Еуропаның күміс жүлдегері, былтырғы Ресей чемпионы Бэлик Галанов­қа сенім артыпты. Ілиястың салмағында әлем чемпионы, Олимпиада ойын­дары­ның қола жүлдегері Миша Алоян келеді екен. Миша - Алматыдағы әлем чем­пио­натының басты фавориттерінің бірі. Одан кейінгі салмақтарда Петербург қаласының жас боксшысы Александр Никитин, Еуропаның күміс және қола жүлдегері Дмитрий Полянский, Еуропа чемпиондары Армен Закарян, Александр Беспутин, Артем Чеботарев, Никита Иванов, сондай-ақ Қазанда өткен Универсиада жеңім­паздары Евгений Тищенко мен Магомед Омаров өнер көрсетеді.

Қарап отырсаңыздар, Лондон Олим­пиадасында өнер көрсеткен Давид Айра­петян, Сергей Водопьянов, Андрей Зам­ковой, Егор Мехонцов, Артур Бетербиев Алматыға келмейді. Олимпиада ойын­дарына қатысқан боксшылардан тек Миша Алоян мен Магомед Омаров қана бар.

Қазақстандық жанкүйерлер әсіресе бір кездері Серік Сәпиевтің жолын кескен Андрей Замковой мен Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін, Олимпиаданың финалында жолдары түйіскен Егор Мехонцов пен Әділбектің текетіресін айрықша күткен еді.

Бакудегі әлем чемпионатында төрт алтын, бір күміс алған Украина құрамасы да бұл чемпионатқа әлі таныла қоймаған жас боксшыларын әкелуді жөн санапты. Әлем біріншілігінде Украинаның намысын мына боксшылар қорғайды: Вадим Кудряков (49 келі), Александр Шепелюк (52 келі), Николай Буценко (56 келі), Дмитрий Черняк (60 келі), Вячеслав Кислицын (64 келі), Денис Лазарев (69 келі), Дмитрий Митрофанов (75 келі), Александр Ганзуля ( 81 келі), Арсен Азизов (91 келі), Егор Плевако ( +91 келі).

Кәсіпқой боксқа ауысып кеткен Олек­сандр Усиктің орнына команда капитаны болып Дмитрий Митрофанов сайланды. Лондон Олимпиадасында бақ сынаған Василий Ломаченко (60 келі), Денис Беринчик (64 келі), Тарас Шелестюк (69 келі), Евгений Хитров (75 келі), Александр Гвоздик ( 81 келі), Олександр Усик (91 келі), Павел Ищенко (+91 келі) сияқты бірде-бір боксшы келмейді. Василий Ломаченко («Топ Ранк» ком­паниясы), Олександр Усик (Кличколардың про­моутерлік клубы), Тарас Шелестюк кәсіпқой боксқа ауысып кетті.

Лондон төрінде Әділбекпен жолы түйіскен Александр Гвоздик біздің бокс­шыдан жеңілгенін мойындамай шағым түсірген еді. Бірақ оның шағымы оң шеші­мін таппаған соң, қазақстандық боксшыға тісін қайрап жүргені белгілі. Биылғы жылы мамырда «Украина атамандары» мен «Астана арланс» арасындағы финалда Эхсан Рузбаханиды нокаутқа түсірген. Әділбекте кеткен есесін қайтару үшін Гвоздиктің Алматыға келетініне жанкүйер­лер сенімді еді. Бірақ Украина құрама­сының бас бапкері Дмитрий Сосновский Гвоздиктің орнына студенттер арасындағы әлем және Еуропа чемпионы Александр Ганзуляға сенім артыпты. Сондай-ақ Жәнібек Әлімханұлын 32 секундта нокаудқа түсірген Евгений Хитровтың орнына «атаман» Дмитрий Митрофанов қатысатын болады.

Осыған қарағанда, Алматыда жаңа жұлдыздардың аты шығатын секілді. Лондон Олимпиадасында чемпион болған Цзоу Шимин (49 келі), Люк Кэмпбелл (56 келі) Василий Ломаченко (60 келі), Серік Сәпиев(69 келі), Рета Мурата (75 келі) Егор Мехонцов (81 келі), Олександр Усик (91 келі), Энтони Джошуа (+91 келі) қатыспайтыны анық. Осылардың ішінде біздің Серіктен басқаларының барлығы кәсіпқой боксқа ден қойған. Тіпті Рета Мурата мен Люк Кэмпбелл өздерінің алғашқы жекпе-жектерін де өткізіп үлгерді - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Ал қалған екі салмақтағы чемпион, Кубаның қос қабыланы Робейси Рамирес (52 келі) пен Роньель Иглесиастың (64 келі) Олимпиададан соң салмақтарын ауыстырған. Робейси қазіргі кезде 56 келіде өнер көрсетсе, Иглесиас 60 келіге ауысты.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!