Қарағандыда волейболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтуде

Фотография - Қарағандыда волейболдан әйелдер арасында Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары өтуде

Бүгін Қарағандыда волейболдан әйелдер командалары арасында ХХІ Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары басталды

244 0

Бүгін Қарағандыда волейболдан әйелдер командалары арасында ХХІ Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындары басталды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Бұл сайыс 23 қазанға дейін созылады. Онда Ұлттық лигадағы «Астана», «Ертіс-Қазхром» (Павлодар), «Алматы», «Қарағанды», «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен), «Металлург АМТ» (Теміртау) мен Жоғары лиганың «А» дивизионындағы «Қостанай» және «Б» дивизионындағы «Қуаныш және К» (Солтүстік Қазақстан облысы) арасынан үздік шыққан 3 команда жартылай финалға жолдама алатын болады. Алғашқы ойынын астаналықтар солтүстік қазақстандықтармен, павлодарлықтар теміртаулықтармен, алматылықтар қостанайлықтармен, қарағандылықтар өскемендіктермен өткізуде. Жартылай финалда үздік үштіктің қатарын Талдықорғанның «Жетісуы» толықтыратын болады. Ел чемпионаты мен кубогының иегері саналатын талдықорғандықтарға биыл осындай мүмкіндік беріліп отыр.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!