«Ертіс» футболшылары жалақыларын ала алмай жүр

Фотография - «Ертіс» футболшылары жалақыларын ала алмай жүр

«Ертіс» командасының бетке ұстар аяқдопшылары БАҚ өкілдеріне күтпеген мәлімдеме жасады. Олар жарты жылдан бері жалақыларын ала алмай, тығырыққа тірелген

312 0

«Ертіс» командасының бетке ұстар аяқдопшылары БАҚ өкілдеріне күтпеген мәлімдеме жасады. Олар жарты жылдан бері жалақыларын ала алмай, тығырыққа тірелген. Клуб жетекшілеріне айтқан базыналары да ескерусіз қалып, ақыры олар облыс әкімінің өзіне хат жолдауға мәжбүр болыпты, деп хабарлайды КТК.

Ел біріншілігінің аяқталуына екі аптадай уақыт қалды. Аталмыш команда келесі жекпе-жегін астаналықтарға қарсы өткізуі тиіс. Он төрт ойынның сыйақысынан құр қалған футболшылар енді бар үміттерін жанкүйерлеріне артып отыр. Ал, шетелден тартылған тарландардың алаңға мүлде шыққысы жоқ. Ойын нәтижесіне қарағанда, оларды жарыстан кейінгі жағдайлары көбірек мазалайды.

Предраг Говедарица, «Ертіс» ФК жартылай қорғаушысы:

- Чемпионат соңына дейін 15 күн қалды. Легионерлер үйлеріне ақшасыз орала ма деген уайым бар. Оның үстіне, 15 күннен кейін ойыншылардың келісім-шарт мерзімі аяқталады. Егер басшылық бүгінгі талапқа назар аудармаса 19-ы алаңға шықпаймыз.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!