«Еуро-2016». Қазақстан құрамасы соңғы себетте

Фотография - «Еуро-2016». Қазақстан құрамасы соңғы себетте

«Еуро-2016» іріктеу додасына жеребе тарту кезінде Қазақстан ұлттық құрамасы алтыншы, яғни соңғы себетте болуы мүмкін

458 0

«Еуро-2016» іріктеу додасына жеребе тарту кезінде Қазақстан ұлттық құрамасы алтыншы, яғни соңғы себетте болуы мүмкін. Бұл туралы dynamo.kiev.ua сайты хабарлады.


            «Еуро-2016» іріктеу додасының жеребе тарту рәсімі 2014 жылдың 23 ақпанында Францияның Ницца қаласында өтеді. Әлбетте, командаларды себетке бөлу құрамалардың қазіргі рейтингтеріне қарап жасалған. Бірақ келесі жылдың 23 ақпанына дейін үлкен өзгерістер орын ала қоюы екіталай.

    Сонымен, Қазақстан ұлттық құрамасы жеребе тарту барысында соңғы себетке орналасады. Бізбен бірге бір себетте Люксембург, Лихтенштейн, Мальта, Андорра, Сан-Марино, Гибралтар және Фарер аралдары бар.

            Айта кетейік, 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық додасы Францияда өтеді. Бұл додаға тұңғыш рет  24 команда қатысатын болады. Яғни Қазақстан құрамасының да финалдық кезеңде ойнауға мүмкіндігі бар.

Жалпы командалар мынадай себеттерге бөлінген

Бірінші себет: Испания, Германия, Голландия, Италия, Англия, Грекия, Португалия, Ресей, Босния және Герцеговина

Екінші себет: Швеция, Украина, Хорватия, Дания, Швейцария, Бельгия, Чехия, Венгрия, Ирландия

Үшінші себет: Сербия, Түркия, Словения, Румыния, Израиль, Норвегия, Словакия, Аустрия

Төртінші себет: Армения, Польша, Шотландия, Финляндия, Латвия, Уэльс, Болгария, Эстония, Исландия

Бесінші себет: Беларусь, Солтүстік Ирландия, Албания, Литва, Молдова, Македония, Әзірбайжан, Грузия, Кипр. 

Алтыншы себет: Люксембург, Қазақстан, Лихтенштейн, Мальта, Андорра, Сан-Марино, Гибралтар, Фарер аралдары


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!