«Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Металлург»

Фотография - «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Металлург»

Бүгін «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Металлург» (Новокузнецк) командасымен кездеседі

226 0

Бүгін «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Металлург» (Новокузнецк) командасымен кездеседі.

Новокузнецк қаласының хоккей клубы бүгінде чемпионаттың аутсайдері болып саналады. Себебі ол 9-ақ ұпаймен жалпы турнирлік кестенің ең соңғы орнында тұр. 15 мачта «Металлург» екі-ақ рет жеңіске жетті. «Барыс» та осы уақытқа дейін 15 ойын өткізген. Бірақ 12 мәрте жеңіп, үш рет қана ұтылған болатын. Бүгінде астаналық клуб 34 ұпаймен Құрлықтық хоккей лигасының үздік бестігіне кіреді.

Айта кетейік, Жоғары хоккей лигасында да бірқатар матчтар өтпек. «Қазцинк-Торпедо» сырт алаңда «Спутникпен» күш сынасса, «Сарыарқа» өз алаңында «Ладаны» қабылдайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!