Головкинмен кездесуге дайынмын – Джесси Харт

Фотография - Головкинмен кездесуге дайынмын – Джесси Харт

Америкалық боксшы Джесси Харт (10-0, 9 KO) WBA/IBO дәрежесі бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесуге дайын екендігін мәлімдеді

180 0

Америкалық боксшы Джесси Харт (10-0, 9 KO) WBA/IBO дәрежесі бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесуге дайын екендігін мәлімдеді.

Бұл туралы Джесси Харт жартылай ауыр салмақтағы боксшы Тайрел Хендрикспен (10-2-2) кездесетіні болғаннан кейін esnewsreporting.com сайтына берген сұхбатында айтты. Харт пен Хендрикс жекпе-жегі 7 желтоқсанда Атлантик-Ситиде, Нью-Джерси штатында өтуі тиіс.

Естеріңізде болса, «бірнеше жыл бұрын жаттығу кезінде Головкинді нокдаунға түсірген едім» деп мақтанған дәл осы Хендрикс екенін жазған болатынбыз.

Шаршы алаңда қай боксшымен кездесуді қалайтынын сұрағанда Харт қазақстандық Головкиннің атын атаған. Оның айтуынша, қазіргі кезде ол өз қарсыласынан әлдеқайда күштірек әрі ақылдырақ көрінеді.

Головкин қазір америкалық боксшы Кертиса Стивенспен өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр. Кездесу 2 қарашада Нью-Йоркте өтеді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!