Вальдес "Монакоға" ауысады

Фотография - Вальдес "Монакоға" ауысады

"Барселона" командасының қақпашысы Виктор Вальдес осыған дейін каталондық клубпен келісім-шартын ұзартпайтынын мәлімдеген болатын. Енді қақпашы спорттық мансабын Францияда жалғастырмақшы

182 0

"Барселона" командасының қақпашысы Виктор Вальдес осыған дейін каталондық клубпен келісім-шартын ұзартпайтынын мәлімдеген болатын. Енді қақпашы спорттық мансабын Францияда жалғастырмақшы. Бұл туралы Barcastuff сайты хабарлап отыр.

31 жастағы Испания құрамасының қақпашысы қаңтар айында француздық "Монако" футбол клубымен 4 жылдық келісім-шартқа отырмақ. Қысқы ауысым кезеңінде Виктордың "Барселонамен" келісім-шарты аяқталады. Егер футболшы "Монакоға" ауысса, жылына 10 миллион евромен қатар қосымша сый да алатын көрінеді. Сонымен қатар, бұрынғы командаласы Эрик Абидальмен қайта бір командада ойнайды.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Виктор Вальдес "Барселона" сапында алғаш рет алаңға  2002 жылы шыққан болатын. Содан бері каталондық команда құрамында 506 кездесуге қатысқан екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!