«Қайсар» Премьер-Лигаға оралды

Фотография - «Қайсар» Премьер-Лигаға оралды

Футболдан Қазақстан Бірінші лигасының аяқталуына үш тур қалғанда Қызылорданың "Қайсары" бәсекелестерінің" алды болып, Премьер-лига жолдамасын иеленді. Енді оларға қарсыластары жете алмайды

301 0

Футболдан Қазақстан Бірінші лигасының аяқталуына үш тур қалғанда Қызылорданың "Қайсары" бәсекелестерінің" алды болып, Премьер-лига жолдамасын иеленді. Енді оларға қарсыластары жете алмайды.

Премьер-лигаға қайта оралу үшін Қызылорданың "Қайсарына" небәрі бір-ақ маусым қажет болды. Биыл Бірінші лиганың біріншілігінде 31 кездесу өткізіп, оның 22-сін жеңіспен аяқтаған. Жеті ойында тең түсіп, екеуінде ғана жеңіліпті. Сергей Волгин шәкірттері қарсылас қақпасына барлығы 74 гол соқса, өз қақпаларына 17 доп жіберіп алыпты.

Сөйтіп, ел біріншілігінің аяқталуына үш тур қалғанда "Қайсар" Бірінші лиганың чемпионы атанды. Рас, теориялық тұрғыда "Қайсарды" Ақтаудың "Каспий" клубы қуып жетіп, ұпай теңестіруі мүмкін. Бірақ, ақтаулықтар бәрібірде қызылордалықтардың алдын орай алмайды. Өйткені, өзара кездесу "Қайсар" пайдасында. Командалар Қызылордада 0:0 есебімен тең түссе, Ақтауда 1:1 есебі тіркелген.

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Қызылорданың жанкүйерлерін "Қайсардың" 2014 жылғы Премьер-лига додасына жолдама алуларымен құттықтайды. Қызылорданың командасы биыл расымен де барлық қарсыластарынан мықты болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!