ФИФА рейтингінде үш саты төмендедік

Фотография - ФИФА рейтингінде үш саты төмендедік

Футболдан ФИФА ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Қазақстан ұлттық құрамасы 3 саты төмендеп, 135-ші орынға жайғасты

199 0

Футболдан ФИФА ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Қазақстан ұлттық құрамасы 3 саты төмендеп, 135-ші орынға жайғасты.

Көш басында келе жатқан алғашқы ондықтағы ұлттық құрамалардың нәтижелерінде өзгерістер орын алды. Испания ұлттық құрамасы тізгінді өз қолында ұстап қалса, Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы үшінші орынға сырғыды. Екінші сатыдан немістер орын алды. Италия құрамасы 4 саты төмендесе, Швейцария ұлттық құрамасы 7 саты алға жылжып, 7-ші орынға табан тіреді. Ал Англия 10 команданы артқа тастап, алғашқы ондыққа енді. Есесіне Бразилия мен Хорватия құрамалары ондықтан шығып қалды.

Ең төменгі нәтижені Жаңа Каледония ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар 31 саты төмендеп, 126-шы орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Молдова құрамасы еншіледі. Олар бірден 33 саты жоғарылап, 96-шы орынға табан тіреген. Сонымен қатар Шотландия, Әзірбайжан және Армения  ұлттық құрамаларының жағдайы да жоғары көрсеткішке көтеріліп отыр.

Мирослав Беранек шәкірттерінің Әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі сүреңсіз кездесулері ұлттық құрама қоржынындағы ұпай қорын молайта алмады.

Алғашқы ондыққа енген ұлттық құрамалар тізімі:

1 (1). Испания – 1513 ұпай,

2 (3). Германия – 1311 ұпай,

3 (2). Аргентина – 1266 ұпай,

4 (5). Колумбия – 1178 ұпай,

5 (6). Бельгия – 1175 ұпай,

6 (7). Уругвай – 1164 ұпай,

7 (14). Швейцария – 1138 ұпай,

8-9 (9). Нидерланды – 1136 ұпай,

8-9 (4). Италия – 1136 ұпай,

10 (17). Англия – 1080 ұпай


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!