Дидье Дрогба - Golden Foot - 2013 құрметті атағының иегері

Фотография - Дидье Дрогба - Golden Foot - 2013 құрметті атағының иегері

Ивуарлық және «Галатасарай» командасының шабуылшысы Дидье Дрогба Golden Foot — 2013 құрметті атағының иегері атанды. Бұл атақ 28 жастан асқан, және футбол тарихында өз ізін қалдырып үлгерген футболшыға беріледі

173 0

Ивуарлық және «Галатасарай» командасының шабуылшысы Дидье Дрогба Golden Foot — 2013 құрметті атағының иегері атанды. Бұл атақ 28 жастан асқан, және футбол тарихында өз ізін қалдырып үлгерген футболшыға беріледі.

Төрт айға созылған Golden Foot — 2013 дауыс беру нәтижесі бойынша Дидье Дрогба жеңімпаз болып танылды. Ивуарлық шабуылшыдан басқа бұл атақты алуға Икер Касильяс, Самуэль Это'О, Мирослав Клозе, Давид Трезеге, Андрес Иньеста, Криштиану Роналду, Андреа Пирло, Фрэнк Лэмпард және Дэвид Бекхэм ниетті болатын.

Естеріңізге сала кетер болсақ, бұл құрметті атақты иеленген футболшы Монте–Карлодағы Champions Promenade саябағында өз қолтаңбасын қалдырады. 2013 жылғы қолтаңба қалдыру бақыты Дрогбаға бұйырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!