Бүгін үш боксшымыз шаршы алаңға көтеріледі

Фотография - Бүгін үш боксшымыз шаршы алаңға көтеріледі

Бүгін бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында шаршы алаңға қазақ боксшылары шығады

219 0

Бүгін бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында шаршы алаңға қазақ боксшылары шығады, деп жазды  massaget.kz сайты.

Аса ауыр салмақты айтпағанда, қалған барлық салмақ дәрежелері бойынша алғашқы айналым аяқталды. Бүгін екінші айналым жалауын көтереді. Біз үшін Әлем чемпионаты енді басталады. Бұлай айтуымыздың себебі, қазақстандық боксшылар алғашқы айналымнан босатылған болатын. Бүгіннен бастап айқасқа шығады. Санаулы минуттардан кейін шаршы алаңға 52 келіде еліміздің намысын қорғайтын Ілияс Сүлейменов аустралиялық Эндрю Молонимен жұдырықтасады. Ал 64 келіде сынға түсетін Мерей Ақшалов та қарсыласы шотландиялық Джош Тэйлорды шаршы алаңда күтетін болады. 91 келіде бақ сынайтын Антон Пинчук венгриялық былғары қолғап шебері Имре Сцелломен кешкісін боксшылардың ең соңғысы болып айқас өткізеді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!