Ілияс пен Мерей әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Фотография - Ілияс пен Мерей әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Алматыда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында шаршы алаңға бүгін Қазақстанның үш бірдей боксшысы шығатынан хабарлағанбыз. Солардың екеуі, дәлірек айтсақ Ілияс Сүлейменов пен Мерей Ақшалов шаршы алаңға шығып алғашқы кездесулерінде жеңіске жетті

235 0

Алматыда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында шаршы алаңға бүгін Қазақстанның үш бірдей боксшысы шығатынан хабарлағанбыз. Солардың екеуі, дәлірек айтсақ Ілияс Сүлейменов пен Мерей Ақшалов шаршы алаңға шығып алғашқы кездесулерінде жеңіске жетті.

52 келіге дейінге салмақта ел намысын қорғап жатқан астаналық Ілияс Австралия елінен келген Эндрю Молоуниді үйіне қайтарды. Оның келесі қарсыласы Қырғызстан елінің бетке ұстар боқсшысы Азат Үсенәлиев болмақ.

Ұлттық құрама сапындағы тәжірибелі боксшылардың бірі Мерей Ақшалов  алғашқы жекпе жегін айқын басымдықпен аяқтады. Шотландиядан келген Джоша Тэйлор Мерейдің мықтылығын мойындап қайтты.

Енді кешке Қазақстан жұртшылығы Антон Пинчуктің тілеуін тілейтін болады. Жерлесіміздің алғашқы қарсыласы венгриялық Имре Сцелло.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!