Снейдер "Галатасарайдан" қуылды

Фотография - Снейдер "Галатасарайдан" қуылды

Нидерланды құрамасының жартылай қорғаушысы Уэйсли Снейдер «Галатасарай» сапынан қуылды. Қаңтар айында түркиялық командамен келісім-шартқа отырған футболшы енді командасыз қалып отыр

277 0

Нидерланды құрамасының жартылай қорғаушысы Уэйсли Снейдер «Галатасарай» сапынан қуылды. Қаңтар айында түркиялық командамен келісім-шартқа отырған футболшы енді командасыз қалып отыр.

2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында бір топта өнер көрсеткен Түркия мен Нидерланды ұлттық құрамалары арасындағы кездесу Снейдердің командадан кетуіне себеп болып отыр. Дәл сол кездесуде Уэйсли Снейдер Түркия қақпасына гол соққанымен, қуанбаған болатын. Бұл «Галатасарай» командасының басшысы Унал Айсалға ұнамаған көрінеді. Кездесу аяқталғаннан кейін, араға бір күн сала футболшы өзінің командасыз қалғанын естіген.

Қазіргі таңда «Галатасарай» футбол клубының басшылығы «Манчестер Юнайтед» командасының жартылай қорғаушысы португалдық Луиш Нанимен келіссөздер жүргізуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!