Әлем чемпионаты: Қазақстандық алты боксшы 1/8 финалға шықты

Фотография - Әлем чемпионаты: Қазақстандық алты боксшы 1/8 финалға шықты

 Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатының жетінші жарыс күні, яғни 20 қазанда құрама сапындағы соңғы 4 боксшымыз алғашқы кездесуін өткізеді

193 0

 Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатының жетінші жарыс күні, яғни 20 қазанда құрама сапындағы соңғы 4 боксшымыз алғашқы кездесуін өткізеді - деп хабарлады ҚазАқпарат

Олар: Берік Әбдірахманов (60 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг) және Иван Дычко (+91 кг).

Бұған дейінгі сайыста өз бағын сынаған алты боксшымыз түгел жұбын жазбай 1/8 финалға шыққан болатын. Атап айтқанда дүйсенбі күні олардың бесеуі, яғни Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Антон Пинчук (91 кг) өздерінің екінші кездесуін өткізетін болады. Ал сейсенбі күні Илияс Сүлейменов (52 кг) жарыс көрігін қыздырмақ.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!