Қазақстан спортындағы легионерлер саны қысқартылмақ

Фотография - Қазақстан спортындағы легионерлер саны қысқартылмақ

Бұл туралы бүгiн Парламент Мәжiлiсiнде өткен үкiмет сағаты барысында ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттiгiнiң төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлiмдедi.

130 0

Қазақстан спортындағы шетелдік жалдамалы спортшылар саны қысқартылмақ. Бұл туралы бүгiн Парламент Мәжiлiсiнде өткен үкiмет сағаты барысында ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттiгiнiң төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлiмдедi.

«Статистикаға жүгінсек, жыл сайын бiздің ұлттық құрама командаларымызда легионерлердiң саны азайып бара жатыр. Мысалы, Сочи Олимпиадасына баратын құрама командасына қарасақ, бiрде бр легионер жоқ», - дедi Е.Қожағапанов.

«Командалық спортқа келсек, бұл мәселе онда сақталып отыр. Осыдан екi ай бұрын баскетбол федерациясында бұл мәселенi көтердiк. Бұл мәселе өз шешiмiн тапты. Жыл сайын облыстық командаларда легионерлер саны азаяды. Осындай жұмысты қолға алдық. Оны ары қарай футболда да, гандболда да, басқа спорт түрлерiнде де бiз оны жалғастырамыз», - деп отыр агенттік басшысы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!