Жастар спорт ойындарының кубогы Астанаға әкелінді

Фотография - Жастар спорт ойындарының кубогы Астанаға әкелінді

Астана құрамасы Қазақстан Республикасының ІІІ Жастар спорт ойындарында жалпы командалық есепте 2-орын алды. Аталмыш додада 472 спортшы елорданың намысын қорғады. Астана командасы өңірдің спорт тарихында тұңғыш рет жалпыкомандалық есепте 2-орынға қол жеткізді

219 0

Астана құрамасы Қазақстан Республикасының ІІІ Жастар спорт ойындарында жалпы командалық есепте 2-орын алды. Аталмыш додада 472 спортшы елорданың намысын қорғады. Астана командасы өңірдің спорт тарихында тұңғыш рет жалпыкомандалық есепте 2-орынға қол жеткізді.

Жастар спорт ойындары бірнеше айға созылды. Жақында аймақтық спорт ведомстволары басшыларының қатысуымен Шымкент қаласында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі алқасының көшпелі отырысы барысында ҚР Қысқы спартакиадасы мен ІІІ Жастар спорт ойындарының Кубоктарын салтанатты тапсыру рәсімі өтті. Аталған екі кешенді шара - еліміздегі ең ірі додалар, сондай-ақ қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша еліміздің құрама командаларын жасақтау үшін басты іріктеу жарыстары болып табылады.

«Ойын қорытындылары бойынша Астана құрамасы 953 ұпаймен 103 алтын, 65 күміс және 112 қола медаль иеленді», - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, Астана құрамасы - Жастар спорт ойындары аясында барлық спорт түрінен жарыстарға қатысқан жалғыз команда.

Жалпыкомандалық есепте елордалықтар 17 спорт түрінен жүлделі орын алды. Маутинбайк, баскетболдан әйелдер құрамасы, көркем гимнастика мен велошоссе командалары жеңіс тұғырына көтерілді - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Айта кетейік, биыл Қазақстан Республикасының ІІІ Жастар ойындары 35 спорт түрі бойынша өтті. Атап айтқанда, ауыр атлетика, қазақ күресі, оқпен ату, үстел теннисі, семсерлесу, гандбол (ерлер, әйелдер), садақ ату, волейбол (ерлер, әйелдер), бокс, баскетбол (ерлер, әйелдер), дзюдо, тоғызқұмалақ, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, жеңіл атлетика, стендтік ату, таэквондо, теннис, жүзу, велотрек, маутинбайк, велошоссе, байдаркамен және каноэмен есу, грек-рим күресі, әйелдер күресі, еркін күрес, су полосы (ерлер, әйелдер), суға секіру, академиялық жүзу, регби (ерлер, әйелдер).

Жарысқа 14 облыстың, Алматы және Астана қалаларының спортшылары қатысты. Жастар спорт ойындары төрт жылда бір рет өткізіледі. Шараның мақсаты жазғы спорт түрлерін одан ары дамыту, оқу-жаттығу үрдісінің сапасын тексеру болып табылады.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!