Әділбек Ниязымбетов елдің үмітін ақтады

Фотография - Әділбек Ниязымбетов елдің үмітін ақтады

Алматыда бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатының тоғызыншы күні 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әділбек Ниязымбетов косовалық Арменд Хохайды қапыда қалдырып, ширек финалға шықты

454 0

Алматыда бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатының тоғызыншы күні 81 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әділбек Ниязымбетов косовалық Арменд Хохайды қапыда қалдырып, ширек финалға шықты - деп хабарлады Baq.kz

Қос боксшының арасында өткен жекпе-жек өте тартысты өтті. Арменд Хохай өзінің осал спортшы еместігін байқатып, Әділбекке жойқын соққыларын дарытты. Лондон төрінде атой салып, күміс жүлдені қанжығасына байлаған жерлесімізден айқын басымдылықты күткенімізді де жасырмаймыз. Деседе, айқастың соңғы минуттарында Әділбек косовалық спортшыға зілдей жұдырығын жұмсай білді. Соның нәтижесінде төрешілер жеңісті қазақ боксшысына берді. Енді Әділбек Ниязымбетов жартылай финалда өнер көрсетеді.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!