Волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан кубогының ақтық сайыстары Хромтауда өтеді

Фотография - Волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан кубогының ақтық сайыстары Хромтауда өтеді

Хромтауда 27-28 қазан күндері волейболдан ерлер командалары арасындағы ХХІ Қазақстан кубогының жартылай және ақтық сайыстары өтеді

213 0

Хромтауда 27-28 қазан күндері волейболдан ерлер командалары арасындағы ХХІ Қазақстан кубогының жартылай және ақтық сайыстары өтеді.

Бұған дейін онда 16-23 қазанда ширек финалдық ойындар өткен болатын. Онда үздік шыққан «Конденсат-Жайықмұнай» (Орал), «Алматы», «Павлодар» мен «ТНКҚазхром» (Хромтау) командалары жартылай финалға шықты. Енді 27-сі күні алматылықтар мен павлодарлықтар, оралдықтар мен хромтаулықтар өзара күш сынасады. Өз қарсыласын ұтқандар келесі күні ақтық сында ел кубогын сарапқа салса, жеңілгендер үшінші орынға таласады.

Ширек финалда алматылықтар 3:1 (25:27, 25:21, 25:16, 25:21) есебімен қарсыласын ойсыра ұтса, оралдықтар алаң қожайындарына 2:3 есебімен (25:15, 26:28, 25:21, 19:25, 16:18) жеңіліс тапқан болатын. Ал жалпы есепте оралдықтар 18 ұпаймен бірінші, алматылықтар 16 ұпаймен екінші, павлодарлықтар мен хромтаулықтар 14 ұпаймен 3-4-орынды өзара бөліскен еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!