«Шахтер» «АЗ Алкмаармен» ұпай бөлісті

Фотография - «Шахтер» «АЗ Алкмаармен» ұпай бөлісті

Қарағандының «Шахтер» командасы футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында «АЗ Алкмаармен» ұпай бөлісті

177 0

«Шахтер» «АЗ Алкмаармен» ұпай бөлісті

Қарағандының «Шахтер» командасы футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында «АЗ Алкмаармен» ұпай бөлісті. «Астана Аренада» өткен ойында алаң қожайындары алғашқы болып есеп ашқанымен басымдылығын ұзақ ұстап тұра алмады. Ойынның екінші бөлігінде екі ұжым да бірнеше гол салатын мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. Қос команда араға екі апта салып Голландия жерінде қайта жүздеседі.

Шахтер - АЗ Алкмаар 1-1

Гол соққандар: Андрей Финонченко(11)- Йоханн Гудмундссон(26)

Шахтер:  Александр Мокин (қақпада), Андрей Порываев, Алдин Джидич, Никола Василевич, Сергей Малый, Александр Симчевич, Геворг Казарян, Рохер Каньяс, Гедиминас Вичюс, Андрей Финонченко , Сергей Хижниченко.

АЗ Алкмаар: Эстебан Альварадо (қақпада), Маттиас Юханссон, Ник Виргевер, Джеффри Гаувелеув, Ян Вейтенс, Неманья Гудель, Маартен Мартенс (капитан), Сельсо Ортис, Йоханн Гудмундссон, Арон Йоханссон мен Рой Бееренс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!