Бүгін бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтеді

Фотография - Бүгін бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтеді

Бүгін Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтеді

181 0

Бүгін Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатының жартылай финалдық ойындары өтеді.

Онда күндізгі сессияда Біржан Жақыпов (49 кг) кубалық Иосбани Вейтиа Сотомен, Қайрат Ералиев (56 кг) әзірбайжандық Жавид Шалабиевпен, Мерей Ақшалов (64 кг) бразилиялық Евестон Лопеспен, Жәнібек Әлімханұлы (75 кг) итальяндық Клементе Руссомен күш сынасады.

Кешке Берік Әбдірахманов (60 кг) кубалық Лазаро Естрадамен, Данияр Елеусінов (69 кг) германиялық Аражик Марутжанмен, Әділбек Ниязымбетов (81 кг) өзбекстандық Ойбек Мамазулуновпен, Иван Дычко (+91 кг) германиялық Ерик Пфеифермен ақтық сынның жолдамасына таласпақ.

Егер қазақстандықтар бұл сында басым түссе, Біржан ертең Давид Родригуез бен Мохамед Флисси жұбының, Қайрат Микола Бутсенко мен Владимир Никитин жұбының, Мерей Васниер Лопез бен Мунх-Ердене Ураншимег жұбының, Жәнібек Артем Чевотарев пен Жасон Куиглей жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал Берік Доменико Валентино мен Робсон Консейкао жұбының, Данияр Габриел Маестре мен Ариснойдис Деспайгне жұбының, Иван Магомедрасул Меджитов пен Роберто Камарелле жұбының үздігімен Әлем чемпионы атағын сарапқа салуға мүмкіндік алады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!