Мерей Ақшалов алтынға таласады

Фотография - Мерей Ақшалов алтынға таласады

Алматы төрінде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалында Мерей Ақшалов Бразилия елінің басты үміті Эвертон Лопеспен күш сынасты

158 0

Алматы төрінде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалында Мерей Ақшалов Бразилия елінің басты үміті Эвертон Лопеспен күш сынасты. Кездесуді бастан аяқ бір деммен өткізген астаналық боксшы финалға жолдама алды. Финалда оның  қарсыласы  Ясниер Толедо (Куба) – Мунх-Ерден Уранчимег (Моңғолия) кездесуінің жеңімпазы болмақ.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай 75 келіге дейінгі салмақтағы Жәнібек Әлімқұлов шаршы алаңға шықпай ақ финалға өткен болатын. Ал Біржан Жақыпов кубалық Иосвани Вейтидан айласын асырып алтын үшін таласуға мүмкіндік алды. Ал Қайрат Ералиев қоланы қанағат тұтты.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!