Шымкентте стендтік атудан халықаралық турнир өтуде

Фотография - Шымкентте стендтік атудан халықаралық турнир өтуде

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған стендтік атудан ХХІІ-ші Халықаралық турнир салтанатты жағдайда ашылды. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның демеушілігімен өтіп жатқан турнирге Өзбекстан мен Қазақстаннан 120-ға жуық спортшы қатысуда. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды

200 0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында КСРО спорт шебері Владимир Почиваловты еске алуға арналған стендтік атудан ХХІІ-ші Халықаралық турнир салтанатты жағдайда ашылды. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның демеушілігімен өтіп жатқан турнирге Өзбекстан мен Қазақстаннан 120-ға жуық спортшы қатысуда. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

4 қарашаға дейін жалғасатын шараның ұйымдастырушылары - облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттігінің «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы» мекемесі «Спорттық ату түрлерінен Қазақстан Федерациясы» қоғамдық бірлестігі болып отыр. Жарыстың мақсаты - облыста ату спортын танымал ете отырып, спорттық шеберлікті шыңдау және ең мықты спортшыларды анықтау. Турнирде көзге түскен сұрмергендер облыс және республика құрама командасына iрiктеп жинақталатыны да көзделіп отыр.

Жарыс стендтік ату бойынша - қаладағы «Эльдорадо» ашық ату алаңында, спорттық оқ ату бойынша - «Динамо» стадионының ату тирінде өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!